Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер есірткі сатумен айналысатын азаматты әшкереледі

Атырау облысы Жылыой ауданы полиция бөлімінің​ қызметкерлері есірткіні заңсыз сату фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Жылыой ауданының полицейлері “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында есірткіні сатқаны және сақтағаны үшін 1977 жылы туған азаматты ұстады.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру