Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық мергендер сайыста жүлделі орынға қол жеткізді

ҚР ІІМ “Сұңқар” арнайы мақсаттағы жасағының құрылғанына 25 жыл толуына арналған турнирде алматылық арнайы жасақ сарбаздары бірінші орынға ие болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласында құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері арасында IPSC атыстан турнир өтті. Жарысқа арнайы бөліністердің мергендері қатысты.

Іс-шараны ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев пен министрдің орынбасары Алексей Калайчиди ашты. Жарыс Ішкі істер министрлігінің “Алатау” спорт кешенінде өтті. Мергендер атудың “Стандарт” және “Классикалық” түрлері бойынша сайысқа түсті. “Классикалық” атыстан ең жақсы нәтижені Алматы қаласы ПД жедел әрекет ету арнайы жасағының мергендері көрсетті.

– Турнир жоғары деңгейде өтті. Бұл жеңіс біздің сарбаздардың дайындығын, олардың ату шеберлігін айқын көрсетеді. Жеңісіміз үшін біздің жігіттер “CZ 75B” жауынгерлік тапаншасымен марапатталды. Мұндай жеңістер мен сыйлықтар жаңа жеңістер мен жақсы нәтижелерге ынталандырады, – деді Алматы қаласының ПД жедел әрекет ету жасағының командирі Сергей Афанасенко.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру