Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полиция қызметкерлері 275 автокөлікті айыппұл тұрақтарына қойды

«Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы барысында Атыраулық полиция қызметкерлері 275 автокөлікті айыппұл тұрақтарына қойды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс аумағында 8 ақпан мен 16 ақпан аралығында «Борышкер» жедел- профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты-камералардың көмегімен анықталған жолда жүру қозғалысын бұзушылықтар үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру, атқарушы іс жүргізу органдарымен бірлесіп борышкерлерді анықтау , айыппұлдарды төлеу қажеттігі туралы рәсімделген нұсқамаларды құқықбұзушыларға тікелей тапсыру.

Жедел-профилактикалық іс-шараға 250-ден аса полиция қызметкерлері ,оның ішінде әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі басқармасы қызметкерлері, сот орындаушыларs да қатысуда .Іс-шараның төрт күнінде полиция қызметкерлері 20 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұлдар өндіріп, 270-тен астам автокөлік жүргізуші-борышкерді, оның ішінде 140- астам автокөлік «Автоураган» жылжымалы кешендермен, анықтап, көліктері айыппұл тұрақтарына жеткізілді. Тұраққа қойылған көліктің 170-тен астамы Ресей Федерациясында, 70-тен астам көлік -Армения Республикасында тіркелгендер. Камералардың көмегімен анықталған жолда жүру қозғалысын бұзған жүргізушілерге жалпы сомасы 9 миллион теңгеден астам айыппұлдарды төлеу қажеттілігі туралы рәсімделген 1100-ден астам нұсқамалар (705-РФ, 406- Армения Республикасында, 45-Қырғыз Республикасында тіркелген көліктер) тікелей тапсырылды.

Шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға айыппұлдарды уақытылы төлеу қажеттігі, айыппұлдарды ерікті төлеу мерзімінің өтуі жағдайында ықтимал салдары, төлеу тәсілдері туралы түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру