Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пештерді пайдалану ережелері» үгіт-насихат материалдары таратылды

Құтқарушылар мен еріктілер Қарабалық ауданының тұрғындарымен
нұсқаулық өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің еріктілерімен бірге Надежник және Қарабалық ауылдарында ішкі ауланы аралады. Жеке сектордың тұрғындарына жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы айтылды.
Алдағы су тасқыны кезеңінде қарды шығару, құнды заттарды қауіпсіз
жерге көшіру бойынша алдын алу шараларының орындалуы туралы еске
салды. «Ал, жедел эвакуация кезінде әрқайсысыңыздың, – өзіңізбен бірге
құжаттарыңыз, жылы киімдеріңіз, дәрі – дәрмектеріңіз болуы тиіс-деп
құтқарушылар ескертті.
Қарабалық ауылының шетінде құтқарушылар мен еріктілер 2 жолаушысы бар «Нива» а/м маркалы көлігін көрді, олар қар құрсауында қалған. Жалпы күш-жігермен машинаны қар құрсауынан шығарды және ол өз жолын көршілес Надеждинка ауылына жалғастырды.
Нәтижесінде, тексеру барысында 41 адамға нұсқау берілді. Ал алынған ақпаратты бекіту үшін азаматтарға: «Су тасқыны қаупі кезіндегі іс- әрекеттер», «Пештерді пайдалану ережелері», «Назар аударыңыз! Улы газ!», «КТИ-ға түсіңдер» үгіт-насихат материалдары таратылды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру