Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыс қаруы бар 9 101 адам тексерілді

Жамбыл полицейлері “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижелері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы шығарылды.

Іс-шаралардың мақсаты – жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру, учаскелік полиция инспекторларының және жалпы ішкі істер органдарының имиджін арттыру, сондай-ақ азаматтармен тығыз әрі сенімді қарым-қатынас орнату.

– Аталған іс-шаралар аясында, облыс бойынша тұрғылықты жері бойынша айналымда атыс қаруы бар 9 101 адам тексерілді. Тексеру барысында ҚР ӘҚБтК – не сәйкес, атыс қаруын сақтау ережелерін бұзудың 245 жағдайы жойылды. Бұдан басқа, азаматтарда қандай да бір рұқсат құжаттарынсыз тұрған заңсыз атыс қаруының 108 бірлігі тәркіленді. Іс жүргізу шешімін қабылдау және барлық тәркіленген қарудың қылмыстарға қатыстылығын тексеру үшін баллистикалық сараптама тағайындалды.
Сонымен қатар, жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 204 041 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, тиісті шаралар қабылданды, оның ішінде 732 дерек тұрмыс саласындағы заңнаманы бұзу, 64 дерек балаларын тәрбиелеу және оқыту бойынша ата-ана міндеттерін тиісінше орындамау, 531 ұсақ бұзақылық дерегі, 144 дерек қорғау нұсқамасын бұзу, 3 801 дерек қоғамдық орында мас күйінде болу, 6 449 дерек паспортсыз немесе жеке куәліксіз тұру және ҚР заңнамасын өзге де бұзушылықтар.
Бұдан басқа, 44 оқиғада кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдіктерді пайдалануына жол берілмеді, түнгі уақытта 513 кәмелетке толмаған тұлғаның болуына жол бергені үшін 78 ойын-сауық мекемелерінің иелері тартылды, ӘҚҚ-ға қаңғыбастық үшін 1 025 жасөспірім жеткізілді, оның ішінде 218-і бейімдеу орталықтарына орналастырылды.
Қазіргі уақытта облыстың барлық учаскелік инспекторлары тұрғындардың жалпы үйлік чаттарына қосылған, оған тұрғындар, КСК және аймақ комитеттерінің басшылары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қосылған, олармен 25 мыңнан астам азамат қамтылған және олардың саны күн сайын артып келеді, – деп хабарлады ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Манас Әбдікәрімов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру