Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтығы жоқ істі болғанға төлқұжат берілді

Шығыс Қазақстан облысында азаматтығы жоқ істі болғанға төлқұжат берілді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
ОВ 156/6 мекемесіде жазасын өтеп жатқан сотталғанда қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған.
 1984 жылы туылған, Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің тумасы сотталған «С» жазасын өтеуде. Мекемеге келген күннен бастап аталған сотталғанның жеке ісінде жеке басын куәландыру үшін, туу туралы куәлік жазбасының көшірмесі және Ресей Федерациясының азаматы болып табылатын үкім көшірмесі ғана болған.
Осы бағытта мекеме қызметкерлерімен және көші-қон қызметінің
бірлескен жұмысы арқасында біршама жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде
сотталғанды Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ тұлға ретінде
танып, төлқұжат берілген.
Сотталған «С» өз кезегінде мекеме және көші-қон қызметкерлеріне
алғысын білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру