Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Азаматтық Қорғау академиясының курстанттарын шығары салтанаты өтті

27 маусымда Ресей ТЖМ Азаматтық Қорғау академиясының қабырғасында білім беру мекемесінің курсанттарын, студенттерімен тыңдаушыларын шығару салтанатты рәсімі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Олардың арасында алыс және жақын шетелдерге дайындалған мамандар бар.

Биылғы жылы Академияны 544 маман бітірді. 5.0 жоғары бағалау балы бар дипломды 116 түлек алды, оның 15-і “оқуда ерекше жетістіктері үшін” алтын медальға ие болды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің офицері Александр Фрайденберг.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі министрінің орынбасары ішкі қызмет генерал-лейтенанты Анатолий Супруновский оған магистр академиялық дәрежесін беру туралы үздік диплом мен “оқу-жаттығудағы ерекше жетістіктері үшін” алтын медалін тапсырды.

Сонымен қатар, А.Фрайденбергтің ғылыми-зерттеу жұмысы “азаматтық қорғаныс саласындағыүздік ғылыми жұмыс (Әскери ғылымдар)” конкурсында номинацияға ұсынылды және дипломмен марапатталды, 3-құрметті орынға ие болды.

Ресей ТЖМ МСА бұйрығымен табысты және нәтижелі жұмысы, білімді игерудегі ынтасы және ғылыми-практикалық қызметтегі белсенді ұстанымы үшін А.Фрайденберг Академияның IV дәрежелі “еңбегі мен қосқан үлесі үшін” белгісімен марапатталды.

Қостанай облысы ТЖД ұжымы Александр Фрайденбергті оқуда жеткен жетістіктері үшін құттықтайды, оған алдағы уақытта да алға қойған мақсаттарға жетуді тілейді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру