Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалар үйіне қайырымдылық жасады

Өскемен қаласының мекеме қызметкерлері балаларға көмек көрсетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласындағы «Негізгі орта мектеп интернатына» ШҚО бойынша қылмыстық – атқару жүйесінің ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері көп балалы отбасыларының және аз қамтамасыз етілген балалардың, сондай-ақ психикалық дамуы тежелген балаларға қайырымдылық көмек көрсетті. Бүгінде аталған мекемеде 60-қа жуық бала тәрбиеленіп жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ 156/20 мекемесінің басшылығы мен ұжымы жыл сайын қажет болған жағдайда осындағы тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек көрсетеді.

Бұл жолы да мекеме қызметкерлері осы балар үйіне тұрмыстық техника және телевизор алып берді.Қызметкерлер жалдаған техникамен және өз күштерімен  мектеп-интернат аумағының қарын күреп берді.

 «Болашақта бұл балалар өте қайырымды азамат болып өсетініне сенімдімін. Өйткені теңізге тамған тамшыдай жасаған қамқорлығымызды олар мәңгі сақтайды. Толық отбасында өскен баланың тәрбиесі де қандай болатыны белгілі ғой. Ал, мына балалар өмірде талпынып, алға шығатынына көзіміз  жетеді»,-дейді ОВ 156/20 мекеме бастығының міндетін атқарушы Алмас Нұрғалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру