Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мәдениетті түрде пәтер тонаған күдіктілер ұсталды    

Ақтөбе қаласында бөтен кілт арқылы пәтер тонаған күдіктілер ұсталлды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында бір топ пәтер ұрысын қолға түсірді.

Ақтөбе қаласында 10 ақпанда сағат 16.00- 16.30 аралығында белгісіз тұлғалар пәтер иесінің үйден ұзақ уақыт кетуін пайдаланып, кілттерді таңдау арқылы оған жасырын кіріп, 250 мың теңгеге зергерлік бұйымдарды (сырға, сақиналарды) ұрлап кеткен.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен бұрын сотталған Ақтөбе қаласының екі тұрғыны қолға түсті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер Ақтөбе қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ, ұсталғандардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру