Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кету жайттарының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді

Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп балалардың көпқабатты үйлердің терезесінен құлап кету жайттарының алдын алу мақсатында қаладағы тұрғын үйлерді аралауды жалғастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілумен қатар бүгінгі күнге дейін 76 көппәтерлі тұрғын үйді қамтитын 15 рейд жүргізіліп, 4510 жадынамалар таратылды.
Осыған байланысты, балалардың терезелерден құлауымен байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін естеріңізге саламыз. Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз. Москит торы терезеден құлаудан қорғауға арналмағанын есте сақтаңыз. Үйіңізді желдететін кезде, балаңызды қараусыз қалдырмаңыз. Балаларды балконға ересектердің қадағалауынсыз шығармаңыз. Барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді, мүмкіндігінше терезеден ары орналастырыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру