Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балаларымен үйсіз қалған жас анаға ювеналдық полицейлер көмек берді

Солтүстік Қазақстан облысында екі баласымен үйсіз қалған әйелге ювеналдық полицейлер көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуелі мас ер адамның жанжалына және жалдамалы пәтердің ақысын төлеуден бас тартуына байланысты “102” пультіне қоңырау келіп түскен. Жуков көшесінде орналасқан үйдегі пәтерлердің бірінің иесі пәтер ақысын төлемейтін тұрғындарын шығаруға көмекке жүгінген. 25 жастағы әйел екі баласымен Петропавл қаласында тұратын, нәпақасын тауып жүр деген, азаматтық күйеуіне көрші облыстан келген. Оның еш жерге жұмысқа орналаспағаны анықталды, ішкен, жанжалдасқан, бұдан шыққан заңды қорытынды: оларды жалдамалы пәтерден қуып шыққан. Қажыған әйел полиция бөлімінің қызметкерлеріне жүгінеді. Қалада не туыстары, не таныстары жоқ, басқа үй жалдайтын ақшасы жоқ. Екі жасар баласы мен бес айлық қызын құшақтап, далада қалған. Петропавл қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушеваның айтуынша, шұғыл түрде Петропавл қ. әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға және қорғаншылық органдарына жүгінуге тура келді. Ана мен балалардың тағдырын шешу үшін тұрғын-жай бөлу өтінішімен “Аналар үйінің” үйлестірушісі Меруерт Көшембаевадан көмек сұрадық. 25 жастағы әйел мен оның балалары осы жерден уақытша пана тапты.

– …Қорғаншылық органы өмірлік жағдайының қиын болуына байланысты әйелге сәбилерін балалар үйінің “Үміт” тобына орналастыруды ұсынды. Алайда келіншек жолдасының жұмысқа орналасып, баспана тауып, балаларымен алып кететіне сенеді. Жағдай ювеналдық полиция қызметкерлерінің бақылауында, – деп хабарлады қалалық ювеналдық полиция басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру