Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балконда кәуап пісірген тұрғын жазаға тартылды

Павлодарда жергілікті тұрғын көп қабатты үйдің балконында кәуап пісіргені үшін тиісті жазасын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын өз әрекетін телефонға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Учаскелік полиция инспекторлары ол адамды тез анықтады.


Ол Назарбаев көшесіндегі көп қабатты үйдің тұрғыны болып шықты. Балконда от жағып, кәуап пісіргені – өрт қауіпсіздігі ережелеріне қайшы келіп, басқа тұрғындардың өміріне қауіп төндірді.
Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері кебаб ұнататын адамды ҚР ӘҚБтК 410 бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін) бойынша әкімшілік жауапқа тартты.
Полиция қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі туралы ұмытпауларыңызды, өз әрекеттеріңізбен өзіңізге және басқаларға қауіп төндірмеулеріңізді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру