Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері абаттандыру ережесіне қатысты 1,5 мың бұзушылықты анықтады

Павлодар полицейлері абаттандыру ережесіне қатысты 1,5 мың бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өңірде “Таза қала” акциясы басталды. Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағы мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу бойынша 1499 фактінің жолы кесілген.

– Пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 504 тұрғын тартылды. Қала тұрғындары құрылыс қоқыстарын, қалдықтарды, темекі тұқылдарын рұқсат етілмеген жерлерге тастайды. Жалпы сомасы 8 млн теңгеден астам айыппұл салынды. “Таза қала” акциясы қолданыстағы заңнаманы сақтауға және халықты тазалық пен тәртіпке тартуға бағытталған, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мысалы, павлодарлық тұрғын көше ортасында құрылыс қоқыстарын үйіп, жинап қойған болатын. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін қала тұрғыны жазаланып, оған 36 920 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Өткен демалыс күндері облыс орталығының тұрғындары қалалық сенбілікке шықты. Полиция қызметкерлері полиция бөлімдері мен аймақтық департаменттің аумағын тазартуға кірісті. Әріптестерін қолдауға полиция ардагерлері де келді.

Естеріңізге сала кетейік, акция 2024 жылдың 15 сәуірі мен 15 маусымы аралығында өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру