Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта заңсыз балық ауламақ болған браконьерлер ұсталды

Балқашта заңсыз балық ауламақ болған браконьерлер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балқаш көлінің аумағында браконьерлікке қарсы ауқымды операция жүргізілуде. Оған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Полиция департаменті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Табиғатты қорғау органдарының қызметкерлері бірлесе жұмыс істеуде. Жедел іс-шара барысында заманауи техникалық құралдар жүрдек моторлы қайықтар, тікұшақтар, дрондар қолданылуда.

– 27 мамырда Балқаш көлінің жағалауындағы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Сарышаған ауылы аймағында төрт моторлы қайық пен әрқайсысы 100 метрлік бес дана балық аулау торлары бар екі қап табылды. Жүзу нысандарының иелеріне қатысты 22-ден 30 жасқа дейінгі төрт ер адамға ҚР ӘҚБтК-тің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Браконьерлікпен күресу бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасуда, – деді ҚР ІІМ КПД бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру