Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Банкомат жарылды: Ақсу қаласында “креативті” ұры ұсталды

Ақсу қаласының жедел уәкілдері 1995 жылы туған қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ол қасақана өрт қойып, жарылыс жасаған, өзге адамның мүлкін қасақана зақымдады деген күдікпен құрықталды.

27 ақпан күні түнде қаланың кезекші полиция бөліміне “Еуразиялық Банк” АҚ күзет қызметкерінен Ақсу қаласында орналасқан Банк филиалында банкомат жарылғандығы туралы хабарлама түсті. Азамат банкоматты өз мақсатында пайда көру үшін қасақана жарған.

Анықталғандай, банкоматта ақша болмаған.

Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 202-бабы 1-тармағы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру