Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төрт азамат өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды

Батыс Қазақстан облысының төрт тұрғыны өмір бойы көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа заң күшіне енді. Мас күйінде көлік құралдарын басқару жауапкершілігі күшейді.

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлерімен 11 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған азаматтардың мас күйінде көлік жүргізуі бойынша 32 фактісі анықталды.

БҚО ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Досқали Жұмағалиевтің айтуынша, қазіргі уақытта сот шешімі бойынша облыстың 4 тұрғыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына кесілді және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.

Осыған байланысты, полиция департаменті көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерге Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігі бойынша (Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, не осындай адамға көлік құралын жүргізуді беру, сол сияқты лауазымды адам немесе көлік құралының меншік иесі не иесі жасаған көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу) көлік құралын,), Сізге бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру және көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру жазалары қолданылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру