Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақшадан 22 түп қарасора тәркіленді

Түркістан облысында тәртіп сақшылары ауласында қарасора еккен тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бәйдібек АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі өз үйінде қарасора өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекен-жай бойынша Бәйдібек АПБ-ның жедел-тергеу тобының қызметкерлері бірден шығып, күдіктінің тұрғын-үй ауласына есірткіге ұқсас өсімдік еккенін анықтады. Айғақты зат ретінде жедел уәкілдер құрамында есірткі заты бар 22 түп өсімдікті тәркіледі. Сараптама қорытындысы бойынша, түптер жалпы салмағы 130 граммға жуық “қарасора” болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабы Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсірубойынша СДТТБТ-да тіркелді. Бұрын сотты болған күдікті жергілікті тұрғын қамауға алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері жергілікті тұрғын өз бағында есірткі заты бар қарасора түптерін қандай мақсатпен өсіргенін анықтау үстінде.

Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз өсіру және егу үшін үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру