Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интимдік қызмет көрсететін притон жойылды

Түркістан облысы полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, Атакент аулының жеке үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды. Жедел уәкілдер анықталған притоннан ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсеткен жеңіл жүрісті үш қызды анықтады.Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жоғарыда аталған притон мен жеңгетайлықты ұйымдастырды деген күдікпен Мақтарал ауданының тұрғынын ұстады.

Бұл жайт ҚР ҚК 309-бабы Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлықбойынша СДТТБТ-да тіркелді.

Тәртіп сақшылары ұсталғандарды полиция бөліміне жеткізіп, жеңіл жүрісті қыздарды профилактикалық есепке алды.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің толық мән-жайы анықталады.

Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастырғаны немесе ұстағаны үшін, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру