Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақылау-өткізу бекетінде пара беру фактісі тоқтатылды

Пара беру фактісі Алматыдағы бақылау-өткізу бекетінде тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладан Алматы облысына шығуға тырысқан 42 жастағы ер адамды Жеке қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ұстады.

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының аумағына бақылау-өткізу бекетінен кедергісіз өтуі үшін Медеу аудандық Полиция басқармасының қызметкері Ш.Айнабековке 10 мың теңге көлемінде қаражатты бергеннен кейін, шенеунікке пара берді деген күдікпен 1977 жылы туған А.есімді ер адам ұсталды. Бес мың теңгелік номиналдар процессуалды тәртіпте тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық материалдарға қосылды. Болашақта өндіріс сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жүзеге асырылады”, – деді Алматы қалалық ПД Жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Көкрекбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру