Көшеде себепсіз жүрген тұрғындарға айыппұл салынды
Алматыда 600-ден астам адамға көшеде себепсіз жүргендері үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен тәулік ішінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 93 әкімшілік материалдарды қарады, оның ішінде әкімшілік қамауға алу – 10, айыппұл – 61, ескерту – 22.
«Көрсетілген санның 75-і (28 наурыздан бастап 604 адам) көшеде себепсіз жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 6-ы (28 наурыздан бастап 166) қамауға алынды, 52 (28 наурыздан 361) айыппұл, ескерту – 17 (28 наурыздан бастап 77).
Бақылау-өткізу бекеттерін айналып өтіп, қалаға кіру тәртібін бұзғаны үшін 18 (19 наурыздан бастап 264) адам тартылды, оның 4-і (19 наурыздан бастап 125) қамауға алынды, 9 (19 наурыздан бастап 120) айыппұл салынды, ескерту 5 (19 наурыздан бастап 19)», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.
Сотпен карантин енгізген сәттен бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 868 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 291 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 481 адамға айыппұл салынды, 96 адамға ескерту жасалды.