Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгіленбеген жерде діни әдебиеттерді таратқан ақтөбелікке айыппұл салынды

Белгіленбеген жерде діни әдебиеттерді таратқан ақтөбелікке айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айында Шалқар ауданының 25 жастағы тұрғыны діни әдебиеттерді жергілікті атқарушы органдар арнайы белгіленбеген жерде таратып, Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот отырысында аталған іс бойынша кінәлі деп танылған азамат кінәсін мойындап, өз түсініктемесінде “Нәпсі дертінің дауасы” атты қазақшаға аударылған діни кітаптың екі данасын мешітте сатқанын, төрт данасын таныстарына таратқанын айтты.

Азамат ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 145 850 (бір жүз қырық бес мың сегіз жүз елу) теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру