Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан қаласында сотталғанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласында сотталғанға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы пробация қызметінде есепте тұрған сотталған С. жеке басын зерделеу барысында сотталғанға қатысты атаулы әлеуметтік көмек қажет екені анықталып, Нұр-Сұлтан қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау орталығына хат жолданған болатын. Аталған мекемеден тиісті кеңес алғаннан соң сотталған С. керекті құжаттарды жинап egov.kz порталы арқылы өз арызын онлайн түрде тапсырды.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз азаматтарға кешенді әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді. АӘК тағайындау үшін табысы аз отбасылар (азаматтар) тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына, ауылдық жерлерде – ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне сәйкестендіру үшін өтініш пен жеке куәлік ұсынумен жүгінуге тиіс. АӘК отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде сотталған С.-тың көпбалалы отбасына 66 603 теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Аталған көмек отбасының тұрмыстық жағдайы жақсарып, өмірлік қиын сәттен өткенге дейін жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру