Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бесқарағай ауданының тұрғынынан есірткі тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының тұрғынынан есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаске” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында учаскелік полиция инспекторы Бесқарағай АПБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 46 жастағы жергілікті тұрғыннан жеке тінту жүргізу барысында камуфляж күртешесінің сол қалтасынан өсімдік тектес заты бар, қоңыр-жасыл түсті, өзіне тән иісі бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді.Сараптама актісіне сәйкес табылған зат салмағы 0,59 гр. құрайтын кептірілген марихуана екені анықталды.

Тексеру барысында ер адамның “нашақор” санаты бойынша профилактикалық есепте тұрғаны, сондай-ақ бұрын есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру