Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Биыл Павлодар полицейлері көлікті мас күйінде жүргізген 420 жүргізушінің жолын кесті

Екібастұз қаласының полициясы рейдтік іс-шараның нәтижесінде мас күйде көлік жүргізу фактілерінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мысалы Б.Момышұлы көшесінде жүргізушісі мас болған ВАЗ 21140 автокөлігі тоқтатылды. Кеншілер-Царев көшелерінің қиылысында мас жас жүргізуші Mitsubishi Outlander маркалы автокөлікті жүргізді. Daimler Benz маркалы автокөлікті 38 жастағы мас жүргізуші жүргізді. Мас күйінде көлікті жүргізгені үшін барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Көлік құралдары мамандандырылған тұраққа қойылды, әкімшілік іс жүргізу материалдары сотқа жіберілді, – деді Екібастұз қалалық ПБ патрульдік полиция ротасының командирі Болат Мырзалинов.

Сонымен қатар сағат 02:45 шамасында Б.Момышұлы көшесінде BMW x54 автокөлігі тоқтатылды. Жүргізуші есірткіге мас болған деп болжануда, бірақ ол медициналық тексеруден өтуден бас тартып, өтіп кетуге тырысты.

Жүргізушіге қатысты ІІО қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес мас күйінде куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны үшін хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді.

Айта кетейік, биыл Павлодар полицейлері көлік құралдарын мас күйінде жүргізген 420 жүргізушінің жолын кесті, оның 67-сі Екібастұз өңірінде.

Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру