Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Блок-бекеттегі сақшылар да дәрігерлердің бақылауында

Жамбыл облысының блок-бекеттеріндегі полиция қызметкерлерінің денсаулығы дәрігерлердің бақылауына алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Блок-бекеттерінде тұрған полиция қызметкерлерінің денсаулығы Жамбыл облысы Полиция департаменті емханасы бар госпиталінің медицина қызметкерлерінің күнделікті бақылауында.


9 сәуірде үш дәрігерден құралған бригада блок-бекеттерді аралап, полиция қызметкерлерінің жай-күйін тексерді.


ПД госпиталінің басшысы Айгүл Масельбекованың айтуынша, дәрігерлер полицейлердің жалпы денсаулық жағдайын тексеріп, дене қызуын өлшейді, сондай-ақ короновирустық инфекциядан қорғану бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

 “12 сағат сайын ауысып тұратын блок-бекеттегі қызметкерлердің әрбірінің денсаулығы біздің ұдайы бақылауымызда. Бүгінгі тексерілген қызметкерлердің жағдайы жақсы, олардан шағымдар түскен жоқ. Күнделікті бақылау жүргізу – жауапты қызметтегі әріптестеріміздің денсаулығын сақтауға бірден-бір үлес деп есептеймін”, – деді Айгүл Масельбекова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру