Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бос жұмыс орындар жәрменкесі

Павлодарда пробация қызметкерлері жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе отырып жәрмеңке ұйымдастырды. Бос орындарға 58 адам қатысып, оның 12 сі жұмыс орнына жолдама алып, 13 қатысушы кәсіптік оқуға жазылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда пробация қызметкерлері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және халықты жұмыспен қамту орталығы бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, сондай-ақ Павлодар қаласының пробация қызметіне тіркелгендерге арналған мамандандырылған бос орындар жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңке өткізушілердің басты мақсаты – қызығушылық танытқан жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің назарын аударып, кеңестер беріп, жұмыспен қамту мәселелері бойынша, кәсіптік бағдар беру және оқуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды қолдау.

Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілер әлеуметтік жұмыс берушілермен жеке қарым-қатынас жасап, танымал мамандықтармен таныса алды. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 58 адам қатысып, олардың ішінде: 12 адам жұмысқа шақырылды, 13 адам кәсіптік оқуға жазылды.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмыссыз азаматтарға, Электрондық еңбек биржасының www.enbek.kz порталында орналастырылған ақысыз жұмыс орындарына жұмысқа орналасуды ұсынды. Сотталғандарды жұмыспен қамту, түзету мен қайта қоныс аударуда маңызды рөл атқарады, өйткені адам жұмыс істесе, оның отбасын асырауға мүмкіндіктері бар. Павлодар қаласының пробация қызметіне тіркелгендердің саны 950-ден асады.

Электрондық еңбек биржасының www.enbek.kz порталында 2020 жылғы 16 қаңтардағы жағдай бойынша атап өткен жөн. 140 кәсіпорында 1922 бос жұмыс орны жарияланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру