Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеуші азаматтардың өмір сапасын қамтамасыз ететін арнайы дүкен жұмыс істейді

Ақмола облысы түрмесінде экономикалық және әлеуметтік дамуға айтарлықтай әсер ететін уақыт талабы, цифрландыру есебімен сотталған тұлғалардың өмір сапасын қамтамасыз ететін «электронды дүкен» бар,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңа технологияларға көшу қазіргі уақытта үлкен қадамдармен алға
жылжуда.Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/25 мекемесінде шамамен жарты жылдай қамаудағыларға арналған
электрондық дүкен жұмыс істейді. Осы жобаның бастамашылары Ақмола
облысы бойынша ҚАЖ департаментімен бірлескен «Прометей» қоғамдық
қоры болып табылады.
Жоба бастамашыларының ойынша, бұл ресурс сыбайлас жемқорлық
тәуекелдерін азайтуға және мекеме қабырғасында туыстардың күтуін
қысқартуға мүмкіндік береді. Сотталған тұлғалардың туған-туыстары
мен жақын адамдарына қолайлы жағдай жасайды. Интернет дүкенде
сотталғандар сапалы және жаңа піскен өнімдерді, сондай-ақ түзеу
мекемелерінде қолдануға рұқсат етілген белгілі маркалардың тауарларын
сатып ала алады. Электрондық дүкендегі тауарлар қарапайым дүкендерде
сатылатын тауарлардан еш айырмашылығы жоқ. Бағалары да қолайлы.
Жеткізу бір күнде жүзеге асырылады. Ол үшін олар өз жеке логині мен құпия
сөзін терсе болғаны, экран бетінде ұсынылған тауарлардың тізімдері шыға
келеді. Ерекше атап кетерлігі, бұл проект өзінің бастауын тез алып, мұндай
қызмет түрі Қазақстанның пенитенциарлық жүйесінде тек Ақмола облысының түзету мекемесінде өткен жылдың жазында ашылған.
Бүгінгі күні экономикалық және әлеуметтік дамуға айтарлықтай әсер
ететін уақыт талабы, цифрландыру есебімен сотталған тұлғалардың өмір
сапасын қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру