Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді

БҚО бойынша ҚАЖД мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше жағдай енгізу туралы Жарлықтарының, Қылмыстық атқару органдарының 101-бабының негізінде ағымдағы жылдың 19 қаңтарына дейін еліміздің Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді.

Аталған режимнің мерзімінде еліміздегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ҚАЖ мекемелерінің ішкі күнделікті жұмыс тәртібі уақытша өзгертілетін болады. Мекемелерде ұсталатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында УСК-нің 105-113-баптарында көзделген сотталғандардың, сондай-ақ тергеуде қамауға алынғандардың құқықтарын жүзеге асыруда уақытша шектеу іс-шаралары жүргізілуде.

– Мысалы, азық-түлік пен бірінші қажетті заттарды алуда, сондай-ақ сотталғандарға сәлемдемелерді жеткізуде уақытша қиындықтар туындауы мүмкін. Сәлемдемелер мен аударымдарды заңнамада белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету үшін барлығын жасайтынымызды хабарлаймыз. Кездесулер мен телефон арқылы сөйлесудің барлық түрлері, соның ішінде бейнебайланыс – шектеулі. Террорлық актілер қаупі төнген жағдайда колония аумағында да, тергеу изоляторларында да серуендеу қамтамасыз етілмейді. Мекеменің сыртына шығу тоқтатылды. Сондай-ақ, ҚР УСК 143-бабының 9-бөлігіне сәйкес қауіпсіздігі ең аз мекемелерде жазасын өтеп жатқан адамдар өздері жұмыс істейтін ұйымдардан кері шақыртылады, – деді БҚО бойынша ҚАЖ депатаментінің бастығы Азамат Изтлеуов.

Сонымен қатар, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандар мен тергеудегі және қамауға алынған адамдарға арналған мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынады.

– Қалыптасқан жағдайға қарамастан, біз өз тарапымыздан Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жатқан азаматтарды барлық қажетті құралдармен, сондай-ақ қамтамасыз ету нормаларына сәйкес азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдаймыз. Барлық мүдделілер, барлық шектеу шаралары аяқталғанша сабырлы және түсіністікпен болыңыз. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратпауды және ресми түсініктеме алуды сұраймыз. Мекемелерде ерекше жағдайлардың енгізілуіне байланысты қарастырылмаған сапарлар, пайдаланылмаған күндер сақталады және кейінірек беріледі. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде барлық коммуникациялармен қамтамасыз ету тұрақты режимде екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, колонияға кароновирустық инфекцияның енуіне жол бермеу және алдын алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық шаралар тұрақты жүргізіліп жатыр, – деп қорытындылады А. Изтлеуов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру