Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада бір тәулік ішінде 33 адам төтенше жағдай режимін бұзған

Елордада төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері 200-ден астам азамат ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 28 адам қамауға алынды, 115 адамға айыппұл салынды, 58 азаматқа ескерту жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғындары коменданттық сағатқа қарамастан көшеде жүруді жалғастыруда. Олардың арасында қасақана ереже бұзушылар бар, оларға қатысты қамауға алу туралы шешімді сот қабылдайды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзудың 18 фактісінің жолын кесті: алты дәмхана, бес дүкен, үш көлік жуу, екі компьютерлік клуб, сыра бары және ломбард.

Түнгі сағат 01.30-да “KARMAIN” мейрамханасы жұмыс істеуге тыйым салынғанына қарамастан келушілерді қабылдаған. Тексеру кезінде мейрамхана ішінде жеті адам болған. Келушілер мен мейрамхана директорына қатысты ҚР ӘҚБК 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері полицейлер жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізуде. Рейд барысында 3,5 мыңға жуық жалдамалы тұрғын үй мен 324 жатақхана тексерілді.

Ел астанасында жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті қорғауды қамтамасыз етеді. Нұр-Сұлтандағы жағдай толық бақылауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру