Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да ұрлық қылмысына күдікті азамат анықталды

БҚО-да ұрлық қылмысына күдікті азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық қылмыстарының алдын алу бағытында адамдар көп шоғырланатын жерлерде парақшаларды ілу жұмыстарын жүргізу кезінде тамыздың 26 күні Московский сауда үйінде бутиктердің бірінен иығының төменгі тұсына қандай да бір заттарды қыстырып шыққан күдікті азаматты кезіктірді.

Полиция қызметкерлері дереу одан жауап алу кезінде, алдымен Атриум сауда үйінен ер адамдарға арналған сөмке және одан әрі келесі сауда үйінен білдіртпей жүріп, әйелдердің екі халатын жымқырып кеткен. Тексере келе аталған азаматтың бұрын бірнеше рет сотты болған 49 жасар қала тұрғыны екені білгілі болды. 

Аталған факті ҚР ҚК-нің 188-бабы және 187-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру