Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған 700 қойын тауып берді

БҚО полицейлері ауыл тұрғынына жоғалған 700 қойын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың қараша айының 21-нен 22-не қараған түні БҚО, Казталов ауданы, Бірік ауылдық округіне қарасты Лекер қыстағының тұрғынына тиесілі 700 бас қой малы қараусыз қалып, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен.

Аталған факті бойынша Казталов ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Нұрсұлтан Серік өзінің бастауымен жедел-іздестіру шарасын ұйымдастырып, жоғалған қой малын іздеп табу үшін, қойдың иесімен бірге іздесуге шығады.

Жоғарыда аталған, белгісіз жағдайда жоғалып кеткен 700 (жеті жүз) бас қойды полиция қызметкерінің қырағылығының арқасында осы жылдың 22 қараша күні сағат 16:05 шамасында дала жайылысынан анықтап, тауып, түгелдей қойдың иесіне айдап әкеліп берді.

Жоғалған қойдың иесі өзінің мұндай жағдайға тап болып, полиция қызметкерлерінен қол ұшын сұрап, олардың дер кезінде қойының іздеп табылуына жәрдемдескен сақшыға алғысын білдірді.

Айта кету керек, осы жылдың 27-29 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында мал ұрлығына қатысы бар адамдарды анықтауға, оларды ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған “Мал ұрлығы” жедел алдын алу шарасы өтті.

Аталған іс шара барысында 2 факті тіркелді, оның екеуі де ашылды, сондай-ақ, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды.

Осыған сәйкес Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына қырағы болуға және малды қараусыз қалдырмауды ескертеді. Мал ұрланған немесе жоғалған жағдайда дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарласыңыз. Бұл қылмысты “ізін суытпай” ашуға және күдікті адамдарды жедел ұстауға көмектеседі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру