Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында адвокат полицейлерге алғыс білдірді

Павлодар облысында адвокат полицейлерге алғыс білдірді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің жұмысына берілген оң пікірлер – өңірдегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті күн сайын қамтамасыз етіп жүрген тәртіп сақшылары еңбегінің айқын көрсеткіші.

Кезекті алғыс хат Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтың атына келіп түсті. Онда жәбірленушінің өкілі, Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Камардина Людмила Александровна Екібастұз қаласы полиция басқармасының қызметкерлері Азамат Тоқымовқа, Әділ Мұхановқа, Данияр Құсайыновқа және Ғабит Сакиновқа жедел әрі үйлесімді жұмыстары, жоғары кәсібилігі, ұйымшылдығы мен батылдықтары үшін алғыс білдірген.

— Менің қорғауымдағы азамат алаяқтардың арбауына түсті. Күдіктінің жеке басын анықтау ұзақ уақыт бойы мүмкін болмады, себебі ол тұрғылықты мекенжайын үнемі ауыстырып, жасырынып жүрген. Екібастұз қаласының полиция қызметкерлері оны анықтап, ұстау бағытында ауқымды жұмыс атқарды. Қазіргі таңда келтірілген материалдық шығынды толық көлемде өтеу бойынша шаралар қабылдануда.
Полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін. Қызметтеріңіз әрдайым тыныш әрі табысты болсын, ал үйлеріңізде сіздерді әрдайым сүйіспеншілік пен түсіністікпен қарсы алатын жандарыңыз күтіп отырсын, – делінген алғыс хатта.

– Біз алдағы уақытта да өзімізге жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, қол жеткізген нәтижелерімізді сақтап, одан әрі арттыра түсеміз, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.

Полиция азаматтарға тағы да қырағы болудың маңыздылығын еске салады. Өте төмен баға мен тегін жеткізу туралы ұсыныстарға алданып қалмаңыздар, өйткені бұл интернет-алаяқтардың айласы болуы мүмкін.

Тек сақтық танытып, мұқият болған жағдайда ғана алаяқтардың құрбаны болу қаупінің алдын алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру