Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған азамат қайтадан ұрлық жасады

Нұр-Сұлтан қаласында ұрлық жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 37 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем елордадағы сауда үйлерінің біріндегі бутиктен бағасы 38 мың теңге тұратын төсек жапқышты жымқырып, кейін оны бейтаныс адамға сатып жіберген.

Қазіргі таңда бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұрлық жасағанын мойындады, заттай айғақ тәркіленіп, иесіне қайтарылды, сондай-ақ ұсталған азаматтың бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қырағылық танытуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, сонымен қатар шағын және орта бизнес объектілерін күзет дабылымен жабдықтауды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру