Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған ер адам ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен

Бұрын сотты болған ер адам ақмолалықтың үйіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қарашада Ерейментау ауданының полиция бөліміне Новомарковка ауылының 55 жастағы тұрғынының үйінен белгісіз адам ұялы телефон мен музыкалық колонка ұрланғаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 86,5 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ерейментау ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын қарақшылық үшін сотталған Новомарковка ауылының 32 жастағы тұрғыны болып шықты, ол өз кінәсін мойындады.

14 қарашада күдікті жәбірленушінің ас үйден шыққан сәтін пайдаланып, телефон мен колонканы ұрлап кеткен. Қылмыс жасағаннан кейін ол ұрланған мүлікті сатқан, ал түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Екі ай бойы қаскүнем Новомарковка ауылынан 45 шақырым жерде орналасқан шаруа қожалықтарының бірінде жасырынып жүрген.

17 қаңтарда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру