Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Былтыр Түркістан облысында мыңға жуық мас жүргізуші анықталған

Өткен жылы Түркістан облысында мас халде көлік тізгіндеген мыңға жуық жүргізуші анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мен жол-көлік апаттарының алдын алу мақсатында үнемі рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп тұрады. Осылай күн-түн демей атқарылған тындырымды тіліктердің нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері 2020 жылы мас халде көлік басқарған 996 жүргізушіні ұстаған. Заң бұзушыларға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша хаттамалар толтырылған. Оның ішінде 861 азамат әкімшілік қамауға алынса, 687 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған.

Атап өтсек, 2020 жылдан бері мас халде көлік басқарған жүргізушілерге байланысты талаптар қатаңдатылған болатын. Яғни бұл заңнамада көлік жүргізушісі мас күйде автокөлік басқарса оған жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру және 15 тәулікке қамауға алу шарасы көзделген. Сондықтан, ішімдік ішіп көлікке отырмаңыз! Сізді үйіңізде жақындарыңыз күтіп отырғанын естен шығармаңыз!

Сондай-ақ осы тұста азаматтарға жиі жол апатын тудыратын жайттарды айтып өтсек, себебі көлікке отырғанда барынша осы олқылықтарға жол бермеңіз, олар: жылдамдықты асыру, маневр жасау ережесін бұзу, көше қиылыстарын дұрыс өтпеу, қарсы бағытқа шығу. Жаяу жүргіншілер мен жолаушылардың да жолда жүру ережесін бұзуы — жол-көлік оқиғасына әкеп соғады. Оған қоса жолда жүргенде жол ережесін сақтау көлік жүргізушісіне де, жолаушыға да, жаяу жүргіншіге де қатысты екенін ұмытпаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру