Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда саябақта жарылғыш зат салынғаны туралы жалған хабарлама берген тұрғын ұсталды

Екібастұзда саябақта жарылғыш зат салынғаны туралы жалған хабарлама берген тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазан сағат 20.35-те Екібастұз қаласының полициясына белгісіз ер адам қоңырау шалып, қала саябақтарының бірінде жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлады.

– Оқиға орнына барлық шұғыл әрекет ету күштері дереу жіберілді. Саперлер, қызметтік іздестіру итімен келген кинолог мұқият тексеру жүргізді, бірақ жарылғыш заттың іздері табылған жоқ. Бірақ жедел қызметкерлер жасырын түрде қоңырау шалған адамды анықтап, ұстады. Ол 1957 жылы туған екібастұздық болып шықты, ол мұндай әрекетке мастықпен барған, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы (Терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру