Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғыннан тапанша тапты

Таразда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тұрғыннан тапанша тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 22 қазанында Тараз қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен түнгі патрульдеу кезінде жол ережесін бұзған автокөлік тоқтатылған. Автокөліктегі жолаушы тұлғаның қалтасын атыс қаруы көрінген. Тексеріс жүргізу барысында жолаушыдан “Макаров” маркалы атыс тапаншасы тәркіленді.

Қала тұрғынының аталған тапаншаны ұстауға рұқсат құжаттары және тапаншаға арналған арнайы тағылатын қақпасы болмаған. Автокөлік иесімен жолаушы Тараз қаласының Полиция басқармасына процесуалдық шешім қабылдау үшін жеткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру