Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған құжат дайындаған күдікті полицейге пара бермек болды

БҚО-да Бәйтерек ауданының тұрғыны жеке мәселесін ақша беру арқылы шешуге тырысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дарьинск ауылында жалған құжаттар дайындаған күдікті Приурал ПБ тергеу бөлімінің бастығына келіп, ҚР ҚК-нің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмау үшін оған 300 мың теңге және 50 АҚШ доллары мөлшерінде пара беруге тырысты.

– Аталған эпизод полиция қызметкерлерінің барлық кабинеттерінде орнатылған бейнебақылау камераларымен тіркелген. Тергеу бөлімінің бастығы оқиға туралы дереу баянат жазып, пара берушіні ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 367-бабы (Пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Нұрғожин.

Полиция департаменті лауазымды тұлғаға пара беру қылмыстық жазаланатын әрекет екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру