Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда тәжірибелі криминалистер қызмет етеді

Екібастұз қаласының Полиция басқармасында 18 жылдық өтілі бар мықты маман қызмет етеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалистер тергеушілермен және жедел уәкілдермен қатар, тергеу-жедел тобының құрамында тәуліктік кезекшілікке түседі. Евгений Клышбеков Екібастұз қаласы Полиция басқармасының 18 жылдық өтілі бар тәжірибелі криминалистерінің бірі, ол жас қызметкерлерге қызметтің қыр-сырын үйретеді.

– Өткен жылы Екібастұз қаласының ПБ жедел-криминалистикалық бөлімшесі 218 тергеу әрекетіне қатысты, 150 оқиға орнын тексерді. 70 криминалистикалық зерттеу жүргізді, – дейді ЖКБ бастығы Евгений Клышбеков.

Оның айтуынша, бөлімшеде автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе орнатылған. Оның базасында мыңдаған адамның саусақ іздері бар. Бөлім қызметкерлері қылмыс орнында табылған немесе күдіктіден алынған іздерді базадағы іздермен салыстырады. Осылайша, күдіктінің қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру