Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұздық полицейлер 2 мас жүргізушіні ұстады

Екібастұз өңірі аумағында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Екібастұз өңірі аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында 6-9 тамыз аралығында барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ЖКО-ға жол бермеу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарына бағытталған “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

ЖҚЕ бұзушылықтарын анықтау бойынша жұмыс жандандырылды, бұл ретте жылдамдық режимін сақтау, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту және қауіпсіздік белдіктерін пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылады. ЖҚЕ кезеңінде барлығы 26 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, профилактикалық әңгімелер жүргізілді, ЖҚЕ бойынша жадынамалар таратылды.

6 тамыз сағат 12.00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Королев көшесіндегі үйдің ауласында “ВАЗ-2110” маркалы автокөліктің 34 жастағы жүргізушісін ұстады. Осындай құқық бұзушылық үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы уақытта жоғарыда аталған мекен-жайы бойынша 35 жастағы автокөлік жүргізушісін де ұстады, ол сараптама қорытындысына сәйкес “ВАЗ-2110” көлігін мас күйінде басқарған. Сондай-ақ, жүргізушілердің туыстық байланысы бар екендігі, күйеуі мен әйелі екені анықталды. Алдымен рөлге біреуі отырып, автокөлікті басқара алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп, содан соң рөлге екіншісі отырып, дәл сол маневрді қайталады.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Сот қаулысымен тәртіп бұзушылар жеті жылға құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Сот қаулысымен тәртіп бұзушылар жеті жылға құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру