Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұздық жүргізуші мас күйде көлік айдап, жүргізуші куәлігінен айырылды

Екібастұздық жүргізуші мас күйде көлік айдап, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнгі уақытта Екібастұз қаласының полицейлері М. Мәметова көшесіндегі үйдің жанында 44 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Chevrolet Nexia автокөлігін тоқтатты. Патрульшілер жүргізушінің оғаш мінез-құлқын бірден байқаған, медициналық тексерулер олардың болжамдарын растады.

Белгілі болғандай, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған. Сонымен қатар тәртіп сақшылары мәліметтер базасын тексеріп, 2 ай бұрын ер адам мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын анықтады.

– Содан кейін ол жүргізуші куәлігінен 7 жылға, 2030 жылдың 15 тамызына дейін айырылды. Енді ер адам 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі. Көлік құралы арнайы тұраққа қойылды, – дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Айта кету керек, Екібастұз қаласының осы жылғы кезеңінде масаң күйде көлік құралдарын басқарған 172 жүргізуші анықталды, оның ішінде 9 жүргізуші куәлігінен айырылған, барлығы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру