Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобы ұсталды

Теміртауда құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазан күні Қарағанды облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында облыстың жедел ахуалына кері әсерін тигізіп, құқыққа қарсы жұмыс істеген жастар тобының іс-әрекеттеріне нүкте қойды.

Жүргізілген кешенді жедел жұмыстар барысында фигуранттардың қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, олардың қоғамдық орындарда жасаған қылмыстары бойынша дәлелдемелер жинақталды.

– Қылмыстық топты ұстау барысында 21 тінту жұмысы жүргізіліп, соның нәтижесінде шолақ ұңғылы атыс қаруы, травматикалық тапанша, оқ-дәрілер, есірткі және психотроптық заттар тәркіленді. Полиция бөліміне 21 адам жеткізіліп, оның негізгі деген 8 күдіктісіне  қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің бопсалау, бұзақылық және атыс қаруын сақтау баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру