Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда полицейлері үйдің ауласынан көлік ұрлаған ер адамды құрықтады

Елорда полицейлері үйдің ауласынан көлік ұрлаған ер адамды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияның “102” арнасына хабарласып, үйдің ауласынан белгісіз біреу ВАЗ 2112 ақаулы көлігін ұрлап әкеткені жөнінде айтқан.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 31 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам Әзірбаев көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында бірнеше күн бойы сынып тұрған автокөлікті байқаған. Содан күдікті көлікте дабыл жүйесінің жоқтығына көз жеткізіп, иесі жоғалғанын бірден байқамайды деген оймен көлік жалдап, түнгі 12:00 шамасында машинаны тұрақтан сүйреп алып шыққан. Ұрланған көлікті үйіне дейін жеткізіп алып, кейіннен авто бөлшектерін өзінің көлігіне орнатпақшы болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы қаралып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру