Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен

Елорда тұрғыны ломбардтан күзен тонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада күзен тонын ұрлады деп күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу барысында күндізгі уақытта ол Сейфуллин көшесіндегі сауда үйінің ломбард бутигінен сырт киімді ұрлап кеткені анықталды. Бутикке кіріп, ол ілулі тұрған тондарды қарастыра бастаған және ломбард бағалаушысының алданып тұрғанын пайдаланып, құнды киімді жасырын ұрлап кеткен.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта ол қала аумағында жасалған ұрлықтың үш фактісі бойынша күдіктеледі. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру