Елордада бетон қалдықтарын заңсыз төккен азаматқа қатысты әкімшілік жаза қолданылды
Елордада Howo автокөлігінің жүргізушісі рұқсат етілмеген жерге бетон қалдықтарын төккені үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясының аясында қала аумағында экологиялық тәртіпті жақсарту мақсатында жүргізілген рейд барысында Хово автокөлігінің Шарбақты көшесінің бойындағы аймақта рұқсат етілмеген жерге бетон төккені анықталды. Бейнебақылау камералары арқылы тіркелген бұл оқиғаға жедел түрде әрекет етіп, оқиға орнына полиция мен табиғатты қорғау инспекторлары кірісті.
Тексеру барысында құқық бұзушы жүргізуші ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылып, анықталған заңсыз әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Осы шаралар қаланың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында
қолданылды.
Акция басталғаннан бері 43 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, олардың ішінде 520-ға жуық жүк және кәріз көлігі экологиялық нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Полиция мен экологиялық бақылау органдары заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу жұмыстарының ауқымын кеңейту үстінде. Тәртіп сақшылары азаматтарды заң бұзушылықты байқаған жағдайда дереу "102" жедел шақыру нөміріне хабарласуға шақырады.