Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті

Елордада есірткі қылмысына қарсы акция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Астана – есірткісіз қала” кешенді жоспарын орындау мақсатында ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Астана қаласы Сарыарқа ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері Астана қаласы әкімдігінің “Астана жастары” КММ еріктілерімен және “Соцкз” қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесіп, интернет-наркосайттардың жарнамасын тарату фактілеріне жол бермеу бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр.

 

Есірткіге қарсы акция барысында есірткі сату туралы мәліметтері бар қабырғаларды бояу Республика даңғылының ауданында, қала жастары көп жиналатын жерлерде жүзеге асырылды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру