Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада "Пиротехника - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Астанада жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пиротехникалық бұйымдардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында "Пиротехника - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара 10 қарашадан 2027 жылғы 3 қаңтарға дейін жалғасады.

Полиция қызметкерлері азаматтық пиротехникалық бұйымдардың айналымына қатысты заңнама талаптарының сақталуын бақылауға алды. Осы бағытта кәсіпкерлік нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, қоймалар және пиротехникалық өнімдер сатылуы мүмкін өзге де орындар тексерілуде.

Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы нәтижелері бойынша тиісті рұқсат құжаттарынсыз пиротехникалық бұйымдарды сатудың екі дерегі анықталды. Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 196-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Заңсыз айналымнан 57 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді.

Балалардың қауіпсіздігіне де ерекше назар аударылуда. Бүгінде елорданың 300-ге жуық білім беру ұйымында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен оларды заңсыз қолданғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, дәрістер ұйымдастырылды.

Қоғамдық қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік. Мерекені қауіпсіз өткізу үшін заң талаптарын сақтап, өзіңіз бен жақындарыңыздың өмірі және денсаулығына жауапкершілікпен қараңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру