Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер көлікті заңсыз қайта жабдықтау дерегін тіркеді

Астанада автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау дерегі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

"Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Тұран даңғылында KIA  автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізушінің тиісті рұқсатсыз көліктің газ шығару жүйесіне резонатор орнатып, автокөлік конструкциясына заңсыз өзгеріс енгізгені анықталды.

Аталған құқық бұзушылық бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік коммуналдық айыптұраққа қойылды.

Полиция көлік құралының конструкциясына өз бетінше және тиісті рұқсатсыз өзгерістер енгізу заң бұзушылық болып саналатынын, мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру