Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ҚАЖ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті

Елордада ҚАЖ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ЕЦ-166/10 мекемесі кадр саясаты тобының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және бекітілген жылдық жоспардың тармақтарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жиын өтті.

Аталмыш жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Алмагүл Кенебаева, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan Жастар қанаты елордалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Арсланбек Мағзұм, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаменті өзіндік қауіпсіз тобының жедел уәкілі Максим Камашев шақырылды.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жеке құрамға бейне баяндар көрсетілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту пайымы тиісті шаралар мен нысаналы көрсеткіштер елдің стратегиялық құжаттарында – “Қазақстан-2050“: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі жалпыұлттық басымдықтарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында, Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі құқықтық саясат тұжырымдамасында және басқаларда көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық мақсат 2026 жылдың қорытындысы бойынша Transparency International сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінде 47 балға, 2030 жылға қарай 55 балға қол жеткізу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру