Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері ЖҚЕ бұзған 3 жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 3 жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Instagram қолданушыларының бірінің парақшасынан көлікке орнатылған жарық құралдарымен жүріп бара жатқан бірнеше автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы бейнежазбаларын анықтады. Оқиға 2022 жылдың 17-18 ақпанына қараған түні Сайрам ауданы Ақсукент кенті көшелерінің бірінде болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары Toyota Land Cruiser, Hyundai Elantra және Lada көлігінің жүргізушілерін анықтады. Олар Сайрам ауданы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.

Жол қозғалысы ережесін бұзушыларға қатысты Сайрам АПБ ЖПҚ патрульдік полициясының қызметкерлерімен 590-баптың 2-бөлігі (Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiк құралын басқару), 590-баптың 5-бөлігі (Техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару) және 603-баптың 1-бөлігі (Көлiк құралының алдыңғы бөлiгiне қызыл түстi жарығы бар жарық аспаптарын немесе қызыл түстi жарық қайтаратын бейімдеме құрылғыларды, сол сияқты түсi мен жұмыс режимi көлiк құралдарын пайдалануға жiберудiң талаптарына сәйкес келмейтiн жарық аспаптарын орнату) бойынша хаттамалар толтырылды. Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру